Loading
Juice
kz
uz
eng
ru

Медиа

Заманауи спорт пен бизнестің әріптестігі

Батыр Жүкембаев — бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын, жеңіліс дәмін татып көрмеген кәсіпқой боксшы. Ол 1991 жылы 5 сәуірде Алматы облысының Шу өңірінде дүниеге келген. Бүгінде рингте «777» лақап атымен кеңінен танымал. Қазіргі таңда титулов WBA Continental, IBF Inter-Continental, IBO International, WBC Continental Americas чемпиондық титулдарының иегері.

Батыр кәсіпқой рингтегі 18 жекпе-жегінің бәрін ұтып, 14 нокаут тіркеген. 2019 жылы ол әлемнің экс-чемпионы Мигель Васкесті жеңіп WBA және IBF тұжырымының белбеулерін еншіледі. Биылғы жылдың басында мексикалық Рикардо Лараны нокаутқа жіберсе, 2018 жылдың 31 наурызында қарсыласын 35-ші секундта-ақ құлатып өзіндік рекорд орнатты. Жүкембаевтың ерекше жұдырықтасу мәнерін бүгінде АҚШ пен Канаданың білікті бокс мамандары жоғары бағалап, оны өз дивизионындағы болашақ бокс жұлдыздардың қатарына қосады.

Келісімшартқа қол қою рәсімі ерекше форматта өтті. Шараға Батыр Жүкембаевпен бірге «RG Brands» ЖШС-і құрамына кіретін «Resmi Group» директорлар кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәжібаев та қатысты. Ол тек табысты кәсіпкер ғана емес ел аузында спорт жанашыры ретінде де аты аталып жүрген азамат.

«ASU амбассдорлары — бұл еліміздегі мақсаттары асқақ нағыз шығармашылықтың адамдары. ASU бренді олардың спортта биік жетістіктерге жетуіне өзіндік үлесін қоса алуда. Спортшыларымыз өз есімдерін брендке айналдырып, миллиондаған жанкүйерлердің ықыласын оятса — біздің де ниетіміз осы. Криштиану Роналду, Конор Макгрегор, Тайгер Вудс, Мария Шарапова — жеңімпаз спортшылар мен сауда белгілерінің ең ұтымды үндестігінің белгісі. Олимпиада чемпиондары Александр Винокуров, Илья Ильин, Ольга Рыпакова, UFC жауынгерлері Жалғас Жұмағұлов пен Сергей Морозовтар — өмірдегі басты жетістіктеріне қол жеткізетін жолда ASU брендімен сәтті әріптестік орнатқан спортшылардың бір шоғыры. Жүкембаевты қазір кәсіпқой мансабындағы ең басты жекпе-жектері күтіп тұр. Кәсіпқой бокс тек спорт емес — бұл үлкен бизнес. Брендтермен серіктес болу — қаржылай кірістің ғана көзі емес. Бұл спортшыларға өз аудиториясын ұлғайтып, жеке тұлға ретінде басқаша қырынан таныла түсуіне септік болатын дүние.», — деді Қайрат Қуанышбайұлы.

Қол қою рәсімінен кейін БАҚ өкілдері мен боксшының жанкүйерлер үшін инстаграмдағы @batyr_jukembaev пен @asu_water ресми парақшасында сұрау-жауап форматында онлайн-конференция өтті. Батыр өз аудиториясына ойларын ықыласпен жеткізіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Сіз үшін жетістіктің құпиясы деген не? Мақсатыңызға жету үшін сізге күнделікті не көмектеседі?

«Жетістіктің басты құпиясы ол — өз арманыңа жан-тәніңмен сену және сол жолдағы барша қиындықтарға мойымау. Бір асудың артында екінші асу тұрады. Сол биіктердің бәрін бағындырғанға дейін жаратылысыңыздан жеңімаз болып туғаныңызға сене білу керек. Менің мақсаттарыма жетуіме жанұям мен жанкүйерлерімнің қолдауы қатты көмектеседі. Осының барлығы таусылмайтын мотивацияның қайнар көзі. Әр жекпе-жек пен әрбір жаттығу кез-келген спортшы үшін оңай емес. Сондықтан жақын жандардың демеуі ауадай қажет!», — деді Батыр Жүкембаев.

Сіздің жақын уақытқа құрған жоспарларыңыз қандай? Келесі қарсыласыңыз кім және жекпе-жегіңіз қашан өтпек?

«Тамыз айының басында Мәскеу қаласына жаттығу жиындарына аттанып, жеке бапкеріммен алдағы жекпе-жекке дайындыққа кірісемін. Қыркүйектің соңында АҚШ-та жұдырықтасуға ниеттімін. Менің промоутерім осы бағытта қазір қызу жұмыс істеп жатыр. Рингте нақты кіммен жұдырықтасатыным әзірге белгісіз, бірақ топ деңгейлі боксшымен айқасқа шығатыным сөзсіз. Қазіргі таңда барлық беделді бокс тұжырымдардың рейтингінде мен бірінші жартылай орта салмақтағы үздік 15-боксшының қатарына кіремін. Алла бұйыртса, чемпиондық жекпе-жектерге бір қадам жақын тұрмыз!», — деп жауап берді боксшы.

Ауыз су бренді A’SU-мен қандай ортақ байланысыңыз бар?

«A’SU брендімен байланысымыз көп деп ойлаймын. Қазақстарда „су — ырыстың көзі“ дейтін жақсы сөз бар. Су спортшыларға да керекті энергияның көзі. Сондықтан кәсіпқой спорттағы жолымда маған ұстанымы жақын A’SU секілді брендтің серіктес болғанына қуаныштымын.», — деді Жүкембаев өз сөзінде.

Газдалмаған «A’SU» ауыз суы спортты қолдау дәстүрі бойынша Қазақстандағы № 1 бренд болып саналады. Енді Батыр Жүкембаев еліміздегі ең үздік спортшылармен қатар осы брендтің ресми серіктесі атанды.

Біз Батырға болашақта табыс пен тек жарқын жеңістер тілмейміз! «ASU» брендімен бірге қызықты жобаларда көріскенше.

Батырдың толық сұхбатын инстаграмда @asu_water және @batyr_jukembaev ресми парақшаралынан көре аласыздар.

Контактная информация:
Алена Орлова
Директор по связям с общественностью RG Brands
+ 7 702 222 24 50