Loading
Juice
kz
uz
eng
ru

Медиа

Pepsi футбол бойынша онлайн турнирдің финалында автомобильді ұтысқа салады

4 айдың ішінде Қазақстан және Қырғызстан футбол жанкүйерлері Pepsi онлайн турнирінде үздік бомбардир атағы үшін бақ сынасты. Әзірленген геймплейдің арқасында ойыншылар нағыз футбол матчының атмосферасына енді, мұнда басты мақсат пенальти салу болды. Конкурстың финалы 6 қыркүйек күні онлайн форматта өтті. Финалға шығу үшін, қатысушыларға бес маусымның бірінде мүмкіндігінше көбірек гол салу керек болды. Ал финалдың бас жүлдесін — Toyota CHR маркалы автомобильге — ақтық ойында ең көп гол салған спортшы қол жетізе алды.

Мамыр айының бірінші күндері RG Brands компаниясы Pepsi брендімен бірлесе отырып, бренд ұсынған жүлделерді ұтысқа салу бойынша промо-акцияны іске қосты. Қатысушы болу үшін турнирдің сайтында тіркеліп, сары қақпағы бар Pepsi сусынын сатып алып, сайтта арнайы промокодты енгізу керек болды. Әрбір жаңа промокод қатысушыға қақпаға 5 соққыны беретін. Әрбір гол ойыншыға 1 балл беретін. Ойыншы баллдарды жинап, оларды кепілдік берілген жүлделердің біреуіне айырбастап, немесе маусым соңына дейін жинап рейтингте жүлделі орын алуы мүмкін еді. Мұндай жағдайда оны бағалы жүлделерді бірі күтетін.

Ең көп балл жинаған ең сәтті ойыншылар финалға шықты да басты жүлде — автомобиль үшін өзара жарысты. Финалда барлығы Қазақстанның түрлі қалаларынан: Нұр-Сұлтаннан, Алматыдан, Павлодардан, Семейден, Түркістаннан, Шымкенттен, Қарағандыдан келген 10 ойыншы жарысты, сондықтан осы финал ауқымы бойынша теңдесі жоқ болды. Қатысушылар арасында бас жүлденің ұтыс ойыны бөлек сайтта өтті, оған тек финалистер ғана кіре алды. Ақтық турнирдің жеңімпазы Қарағанды қаласының тұрғыны Қоңыров Мағжан болды. Ол 15 ықтимал әрекеттен 6 гол салды.

Конкурсқа қалалар тұрғындары ғана емес, қалалардың өздері де қатысты. «Қалалар шайқасы» промоакцияның маңыздылығы кем емес бөлігі болды, өйткені рейтингі ең жоғары қала Pepsi бренді ұсынған арнайы жүлдеге иегер болды — жаттығуға арналған воркаут аймағы бар футбол алаңы. Жарыстың осы бөлігінде Екібастұз қаласы жеңімпаз атанды. Елді мекеннің рейтингі ойыншылар ойнайтын қаланың 1 қатысушысына келетін орташа голдар санын көрсетті.

Онлайн турнир мамырдан тамызға дейін Қазақстан мен Қырғызстанда қатар өтті. Промоакция механикасы бірдей болды, бірақ бұл ретте екі елдің өз жеңімпаздары болды, жүлделер жиынтығы да ерекше болған. 4 ай ішінде Қазақстан ойыншылары 1 155 000 гол, ал Қырғызстан ойыншылары — 186 000 гол соқты.

Онлайн форматтағы «Pepsi Промо 2020» финалы Қазақстандағы бірегей іс-шара болды. Акция ауқымына қосымша, автокөліктен басқа, RG Brands компаниясы Pepsi брендімен бірлесе отырып көптеген естелік сыйлықтарды табыс етті. Финалдың тікелей көрсетілімі pepsi.kz және pepsi.kg сайттарында өтті, енді тікелей эфир Pepsi YouTube және IGTV @pepsi_kazakhstan арналарында қолжетімді.