Loading
Juice
kz
uz
eng
ru

Моё

Біз сүт құрамында оның пайдалы қасиеттерін сақтауға, тұтынушыларға оларды өзгеріссіз жеткізуге тырысамыз. Бірегей заманауи технологиялардың арқасында сүтті балғын әрі ұзақ уақыт бойы пайдалы күйінде сақтай аламыз. Миллиондаған отбасына жоғары сапалы сүт жеткізу үшін біз ең үздік фермерлік шаруашылықтармен жұмыс істейміз.
Сүттің сауылған кезінен бастап дастарқаныңызға қойылатын кезге дейінгі уақыт 24 сағаттан аспайтынына кепілдік береміз.
«Моё» - әркімнің өз қалауы!

Бренд философиясы

«Моё» сүті – сүйіспеншілік пен отбасылық жылулық дәмі. Осы сүтті қосқанда ғана анаңыздың дәмді құймағы дәмді, әжеңіздің бәліштері сиқырлы болады. «Моё» сүті қоюлап бұқтырылған шайдың дәміне және ұйықтар алдында балаларға арналған ертегі мен печеньеге өз ықыласын береді.

Біз отбасыларға өміріндегі қандай оқиға болса да, сапалы, тиімді сүтпен қамтамасыз етуге тырысамыз. Теңдестірілген тамақтануға арналған үздік, пісірмеге арналған мінсіз, сүт қосылған шайдың дәмін ашатын керемет сияқты «Моё» сүтінің бірнеше түрін өндіреміз. «Моё» сүтімен жасалған кез келген іс ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізеді.

Өнімдердің сипаттамасы

Солтүстік Қазақстанның ең үздік фермерлік шаруашылықтарының саф таза ауасы мен шүйгін шөбі еліміздегі ең дәмді әрі нәрлі сүт өндіруге мүмкіндік береді. Заманауи технологияның арқасында оның құрамына енетін минералды тұздар, дәрумендер мен құнды ферменттер сияқты пайдалы нәрсенің бәрін сақтаймыз. Дастарқаныңыздағы "Моё" сүтінің әр стақаны қамқорлық пен сүйіспеншілікке толы, ол сіздер үшін өндірілген!

Бренд өнімдері