Мансап
Жаңа мүмкіндіктер
Біздің қызметкерлер, бүкіл компания сияқты, тұтынушылардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жұмыс істейді. Адамдардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнімдерді жасау үшін бізге жылдам және тиімді жұмыс істеу қажет. RG Brands-тегі мансап жарысуды және жеңуді ұнататындар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Ресейде, Қазақстанда және Қырғызстанда 100 миллионнан астам тұтынушы бар нарықта жұмыс істейтін өңірлік компания бола отырып, біз ірі халықаралық, сондай-ақ табысты жергілікті компаниялармен бәсекелесеміз. Және бұл бізден назар аударуды, тәртіпті, мүмкіндіктерді көруді және оларды жүзеге асыруды білуді, логика мен интуицияны пайдалана отырып, стандартты емес ойлау, жылдам бағдарлау және шешім қабылдау қабілетін талап етеді.

Көшбасшылар командаларын дамыту
Біз ұйымда көшбасшылық командаларды құру жолымен нарықта көшбасшылыққа жетеміз. Көшбасшылық моделі біздің құндылықтарымыға негізделеді және басшы болуға қабілетті кәсіпқойлардың қалыптасуы үшін жағдай жасайды. Біз кешендік шешімдерді өздігінен қабылдау, өзіне жауапкершілік алу және басқаларға ықпал ету қабілетін қолдаймыз.
Біздің құндылықтар





Адалдықта құрылған сенім
Біз өз алдымызда, клиенттеріміз, тұтынушыларымыз және қызметкерлеріміз алдында адалмыз. Сенім ашықтық кепілі және біздің бизнесіміздің айқындығы кепілі болып табылады. Адалдық пен сенім біз істеп жатқанымызға құмарлықпен қарауға және әрекетіміз бен нәтиже үшін жауапты болуға құмарлықпен көмектеседі.





Өзіне және басқаларға құрмет білдіру
Біз брендтерге және оларды жасайтын адамдарға сенеміз. Біз компания құндылықтарын ортақтасатын және өзін ортақ істің маңызды бөлігі ретінде сезінетін әрбір қызметкерді бағалаймыз. Біз жергілікті білімдер мен таланттарға сенеміз. Біз күн сайын жақсырақ болу үшін жаһандық тәжірибені енгізудеміз.





Командалық рухтың бірлігі
Ұйымшылдыққа және әріптестікке назар аудару бізді күтетіннен гөрі көбірек жасауға көмектеседі. Біз бірге ортақ табысқа қарай ұмтыламыз. Біздің ұжым бір команда ретінде жұмыс істейді, онда қойылған мақсаттар ортақ іс ретінде қабылданады.





Нәтижеге бағытталу
Біздің жетістігіміздің басты факторы - алға қойылған мақсаттарға бірлесе жету қабілеті. Біз өршіл мақсаттар қоямыз және оларға қол жеткізуде табандылық танытамыз. Көшбасшылыққа деген жалпы ұмтылыс команданың барлық мүшелерін ең жоғары деңгейде қызмет көрсетуге және үнемі жетілдіруге ынталандырады.





Тұрақты даму
Жеткен жетістіктермен тоқтап қалмау - дамуға және алға жылжуға көмектесетін қағидатымыз. Біз өнім сапасын жақсарту және қызмет көрсету деңгейін арттыру бойынша үнемі жұмыс істеу үшін өршіл мақсаттар қоямыз және батыл сын-қатерлер тастаймыз. Біз үнемі өзгеріп отыратын қажеттіліктерге жедел жауап беру және қанағаттандыру үшін күн сайын жұмыс қарқынын арттырамыз.
RG Brands-да компаниясында жұмыс істеу артықшылығы










RG Brands құрылымы қызметкерлерге өз стратегияларын жергілікті жерлерде жоспарлауға және жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Халықаралық компаниялардан айырмашылығы, бізге нарықтардан алыс орналасқан орталық құрылымдармен көп деңгейлі келісуден өту талап етілмейді. Біз шешімдерді өзіміз қабылдаймыз және қорытынды нәтижеге үшін жауап береміз. Осылайша, жұмыстағы табыспен және кәсіби дамумен бірге біз өсіп келеміз!





Біз өздігінен кешенді шешімдер қабылдай алатын және жауапкершілікті өзіне ала алатын дарынды жас мамандарды іздейміз. Біз басқалармен өнімді қарым-қатынас жасай білуді және командада нәтижелерге жету қабілетін бағалаймыз. Біз үшін жағдайларды жан-жақты талдау дағдылары маңызды, өйткені олар бизнесті дамыту үшін негізделген қорытынды жасауға көмектеседі. Біз жаңашылдықты және басқаларды үйрете отырып, ең жақсысын қабылдай білуді қолдаймыз.





Заңнаманың талаптарына сәйкес бәсекеге қабілетті еңбек ақысын, әлеуметтік жеңілдіктер пакеті, компанияда бірінші күннен бастап жауапты жұмысты, кең кәсіби даму аясын.
Бізге кім керек





Жұмысқа өтініш жасаңыз
Сұрақ қою









