

Pepsi
1893 жылы Солтүстік Каролина фармацевті Калеб Бредхем қант, газдалған су, ваниль, май және «кола» жаңғағы негізді Brad’s Drink салқын сусынының «әкесі» атанды.
Өнімнің атауы Калебудің көңілінен шықпады, бұдан да ырғақты, әсерлі атау іздеу үстінде болды. Осылайша 1989 жылы сусын құрамындағы «пепсин» және «кола» деген ингредиент атауларынан құралған Pepsi-Cola деген жаңа атауға ие болды.
Сусын бірден танымалдылыққа ие болды, бірнеше жылдың жүзінен кейін Брэдхем Pepsi-ColaCompany деген жеке компанияның басшысы болды.
Pepsi-Cola сусынының тарихы мен PepsiCo компаниясының тарихы осылай басталған болатын.
Қазіргі таңда Pepsi – бұл жұлдыздар, саясаткерлер, спортшылар мен кәсіпкерлер қолдау көрсететін бренд.

Бренд философиясы
Pepsi – көңіл көтергенді ұнататындар, толықтай беріліп дем алатындар және бар құмарымен өмір сүретіндер үшін жасалған! Сондықтан бүкіл дүние жүзіндегі, оның ішінде Қазақстандағы жарнама компанияларында осындай өмірдің нағыз мысалы болып табылатын шоу-бизнестің ең белгілі жұлдыздарының аттары қолдаланылады.

Өнім Cипаттамасы
Pepsi – әлемнің ең белгілі халықаралық брендтерінің бірі PepsiCo компаниясының алкогольсіз газдалған сусыны, оны тіпті біздің ғаламшардың барынша шалғайда орналасқан жерлерінде де біледі және жақсы көреді.
