Loading
Juice
kz
uz
eng
ru

Медиа

Жұртшылықтың, БАҚ өкілдерінің және біздің Клиенттердің назарына, RG Brands компаниясының ресми мәлімдемесі

RG Brands компаниясының ресми мәлімдемесі

16 сәуір 2025, Алматы

RG Brands компаниясы 2025 жылдың 14 сәуірінде «Ақсеңгір» филиалы зауытының су тарту желілері мен орталық кәріз коллекторы арасындағы құбыржолда апатты жағдай болғанын хабарлайды.

Апат анықталғаннан кейін бірден су ағынын тоқтату бойынша жедел шаралар қабылданды, ол су ағып кетуді жойғанға дейін осындай жағдайларға арналған жинақтағышқа құйылды. Компания мамандары ағын орнын оқшаулап, салдарын жоюға кірісті. Бейінді коммуналдық және санитарлық қызметтер жедел тартылды.

Сонымен қатар, компания кәріз желілерінің иесіне апаттық жағдай туралы дереу хабарлады. Бұл желілерге басқа нысандар, соның ішінде әлеуметтік нысандар қосылған болғандықтан, кәріз желілерінің басқа пайдаланушыларының жұмысын үйлестіру үшін қосымша уақыт қажет болды.

Қазіргі таңда , судың ағып кету толығымен жойылды, апат салдарын жою бойынша шұғыл жұмыстар аяқталды, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ болашақта осындай жағдайлардың алдын алу үшін техникалық тексеру өткізілуде.

Компания уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және қоғамның алаңдаушылығын түсінеді. Компания болашақта осындай жағдайлардың алдын алу үшін барлық шараларды, соның ішінде инженерлік жүйелерді қосымша диагностикадан өткізуді және олардың жай-күйін бақылауды күшейтуді қолға алуда.