Loading
Juice
kz
uz
eng
ru

Медиа

Бастапқы облигациялық бағдарлама шегінде RGBKb1 шығарылым облигацияларын мерзімінен бұрын сатып алу туралы RG «Brands Kazakhstan» ЖШС-нің шешімі

ЖСШ «RG Brands Kazakhstan», БСН:060440002605 (Бұдан әрі – «Серіктестік/Эмитент») ҚР 02.07.2003 ж. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңының 102-бабы 5-тармағы және Серіктестіктің мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісінің ережелерін басшылыққа ала отырып сізге 2023 жылғы 17 наурыз Серіктестіктің жалғыз қатысушысы - «RG Brands» АҚ Директорлар Кеңесі, шешімімен бастапқы облигациялық шығарылым шегінде шығарылған RGBKb1 облигацияларын мерзімінен бұрын сатып алу туралы шешім қабылданғаны туралы хабарлайды.

Баяндалғанның негізінде сізге келесі шарттарда Серіктестіктің облигацияларын (ISIN:KZ2P00007727) (бұдан әрі – «Облигациялар») сатып алу жүргізілетіні туралы хабарлаймыз:

  • сатып алуға облигациялардың саны - 421 500 (төрт жүз жиырма бір мың бес жүз) дана;
  • Облигацияларды сатып алу бағасы - 113, 0042%-дан аспайды;
  • Облигациялар-облигацияларды сатып алу ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында ашық сауда-саттық әдісімен жүзеге асырылады;
  • Облигацияларды сатып алуды жүргізу күні- Серіктестіктің жалғыз қатысушысы Облигацияларды сатып алу туралы шешімі қабылданған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей.

Серіктестіктің жалғыз қатысушысының облигацияларды сатып алу туралы шешім қабылдағаны туралы облигация ұстаушыларына хабарлау тәртібі осындай шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарламаны Эмитенттің ресми сайтында, «Қазақстан қор биржасы» АҚ ресми сайтында және қаржылық есептілік депозитарийінің сайтында орналастыру арқылы жүзеге асырылады.»