Loading
Juice
kz
uz
eng
ru

Медиа

LAVINA кедергілерді бұзып

Lavina деген не?

Lavina – сан түрлі дәм. Жаздың аптабында адамға қуат беріп, сергітетін энергетикалық сусындар.

Lavina-ны өмірдің дәмін толық сезінгісі келетін және биіктерге қол жеткізгісі келетіндерді үлгі тұтатын адамдар таңдайды.

Lavina-ны Turbo (Тутти Фрутти), Original Ice (Тутти Фрутти+мұз), Arctic Orange (Апельсин), Red Storm (Анар) және Berry Crush (Жидектер) дәмімен тұтынуға болады, олардың әрқайсысы ерекше сезім мен мақсаттарыңызға жетуге қуат береді.



Lavina сусындарын сатып алу арқылы сіз қуаттанып қана қоймай, қазақстандық спортшылардың жетістігі мен дамуына үлес қосасыз.

Дәл осы адал жанкүйерлердің қосқан үлесі спортшыларымызға алдында еш кедергі жоқ екенін есте ұстауға сеп болып, чемпиондарымызды жеңіске бір табан жақындатады.




Париж-2024 Олимпиадасы туралы не білу керек?


ХХХІІІ жыл Олимпиада ойындары Парижде 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.

Франция астанасы бұл шараға соңғы жеті жыл бойы дайындалды.

Ойын бағдарламасына 28 негiзгi олимпиадалық спорт түрі кiредi.



2024 жылғы Олимпиададағы Қазақстан

Қазақстан 2024 жылғы Олимпиадаға көп дайындалды. Әлемнің басты спорт додасында ел намысын қорғап, барынша нәтиже көрсетіп, ел намысын қорғау үшін ұлттық құрама барын салып жаттықты.

Парижге Қазақстаннан барған 80 спортшы спорттың 25 түрінен 81 медаль жиынтығын сарапқа салады, олар – бокс, бадминтон, грек-рим және еркін күрес, шосседегі велоспорт, дзюдо, көркем гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэ есу, оқ ату, семсерлесу, садақ ату, стенд ату, теннис, жүзу, заманауи бессайыс, тхэквондо, велотрек, батут гимнастикасы, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, жартасқа өрмелеу және брейкинг.

2024 жылғы Олимпиада еліміздің спортшылары үшін маңызды кезең болмақ. Қазақстан өкілдері Олимпиадада бадминтон және брейкинг сынды спорт түрлері бойынша алғаш рет өнер көрсетеді.Әлемдік спорт қауымдастығы Париждегі Олимпиадаға да қатысып жатқан Қазақстанның атақты спортшыларына назар аударады.

Мысалы Уимблдон-2022 жеңімпазы, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Олимпиадаға жолдама алды.

Олимпиадалық теннис құрамасының құрамында Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик, әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева, сондай-ақ Александр Недовесов пен Александр Шевченко бар.

Тарихи тұрғыда Қазақстанды әлемге танытқан боксқа келсек, биыл құрама сапында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов, 2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырхан, Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері Асланбек Шымбергенов бар. Бұл жарыста Қазақстанның намысын барлығы 10 спортшы қорғайды.

Тарихта қазақ боксшылары Олимпиадада 24 жүлде жеңіп алды: 7 алтын, 7 күміс және 10 қола. 2024 жыл да көптеген қызықты жеңістер әкеледі деп күтіліп отыр.



Олимпиаданы тамашалаңыз, Lavina энергиясынан қуат алыңыз!

Lavina энергетикалық сусын ғана емес. Бұл шабыттанған, белсенді және ізденімпаз адамдар таңдаған өмір салты.

Сондықтан брендтің ұраны «Lavina кедергілерді жояды» деп аталады, бұл команданың адамдарға өз мақсатына жету жолындағы кез келген қиындықты жеңуге көмектесуге ұмтылысын көрсетеді, оны бүкіл ел алдында өнерін паш еткен адамдардан шабыт алады.

Сусындардың құрамында мынадай заттар бар:

  • Табиғи кофеин: энергия мен төзімділікті табиғи түрде арттыру үшін;
  • Таурин: энергия мен төзімділікті табиғи түрде арттыру үшін;
  • В витаминдері: жалпы тонус пен денсаулықты сақтау үшін;
  • Сергітетін әсер табиғи хош иістер мен ингредиенттермен қамтамасыз етілген.


Lavina брендінің @lavina.energy, ресми парақшасына жазылыңыз, жаңалықтарды қарап жүріңіз, іс-шараларға қатысыңыз және керемет сыйлықтар ұтып алыңыз.