Loading
Juice
kz
uz
eng
ru

Медиа

Бастапқы облигациялық бағдарлама шеңберінде шығарылымның RGBKb1 облигацияларын мерзімінен бұрын өтеу туралы шешім.

«Осымен «RG Brands Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – «Серіктестік/Эмитент») «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 102-бабының 17-тармағын және Серіктестіктің Мемлекеттік емес облигацияларды шығару проспектісінің ережелерін басшылыққа ала отырып, Сізге 2022 жылғы 08 маусымда Серіктестіктің жалғыз қатысушысының шешімімен «RG Brands» АҚ Директорлар кеңесі атынан облигацияларды бастапқы облигациялық бағдарлама шегінде мерзімінен бұрын RGBKb1 сатып алу туралы шешім қабылданғаны туралы хабарлайды.

Баяндалғанның негізінде Сізге Серіктестіктің (ISIN:KZ2P00007727) облигацияларын (бұдан әрі – «Облигациялар») көрсетілген параметрлермен және мынадай шарттармен сатып алуды жүргізетіні туралы хабарлаймыз:
- Сатып алуға облигациялар саны - 273 648 (екі жүз жетпіс үш мың алты жүз қырық сегіз) дана;
- Облигацияларды сатып алу бағасы - 118,7684% -дан аспайды;
- Облигацияларды сатып алу тәртібі - Облигацияларды сатып алу ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында ашық сауда-саттық әдісімен жүзеге асырылады;
- Облигацияларды сатып алуды жүргізу күні - Серіктестіктің жалғыз қатысушысы Облигацияларды сатып алу туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей.


Облигацияларды ұстаушыларды Серіктестіктің жалғыз қатысушысының облигацияларды сатып алу туралы шешім қабылдағаны туралы хабардар ету тәртібі осындай шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарламаны Эмитенттің ресми сайтында, «Қазақстан қор биржасы» АҚ ресми сайтында және Қаржылық есептілік депозитарийінің сайтында орналастыру арқылы жүзеге асырылады.