Loading
Juice
kz
uz
eng
ru

Сатып алушыларға

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Тетрапакеттегі шырындар табиғи емес деп жиі айтып отырады. Бұл шынында солай ма?
Тетрапакеттегі шырын табиғи жемістер мен көкөністерден жасалған, бірақ фрешке қарағанда ол одан да күрделі жолдан өтеді. Шырындарды өнеркәсіптік жағдайларда өндіруге арналған жемістер мен көкөністер өсіп жатқан жерлерінен жианалады: апельсиндер Бразилияда; ананастар Таиландта; қызанақтар мен алмалар - Украинада, Қазақстанда және Өзбекстанда. Олардың ең жақсы піскен кезінде жиналған жемістер жақын орналасқан шырын зауыттарына жедел жеткізіледі, тексеріледі, тазартылады және пресс астына жіберіледі. Арнайы технологияның көмеігмен жемістер мен көкөністерден тікелей сығылған шырын, яғни фреш шығарылады. Содан кейін алынған шырыннан артық суды булап шығарады, сөйтіп өнімнің бастапқы көлемінен шамамен 1/5 алады. Алынған қою масса консистенциясы бойынша балға немесе кілегейге ұқсайды. Дәл осы қоюландырылған шырынды - концентрат деп атаймыз. Асептикалық ыдыстарған қапталған апельсиндер, манголар, грейпфруттар, ананастар және басқа экзотикалық концентраттар бізге дәл осындай "ішуге арналмаған" түрінде келеді. Біздің зауытта қоюландырылған шырынды қалпына келтіреді - одан буландырып шығарған судың мөлшерін қайтарады. Осылайша 100% шырын алынады, ол қалпына келтірілген деп аталады. Оны қыздырады - пастерлейді және қымтаулы қатырма пакеттерге құяды.
2. Шырынның нектардан айырмашылығы қандай?
Шырын және нектар шырын өнімдеріне жатады. Негізгі айырмашылығы - шырында қант болмайды. Екінші айырмашылығы - жеміс құрамдас бөлігінің үлесі: шырында 100% құрайды, ал нектарларда 25%-дан 99%-ға дейін ауытқиды. Осы жемістерден шырынды немесе нектарды дайындау себептері бірнеше болуы мүмкін. Мысалы, "таза" шие, лимон, қарақат немесе мүкжидек шырынын ішу іс жүзінде мүмкін емес - олар өте қышқыл әрі ауыз қуырады. Дәмдік сипаттамаларды жақсарту үшін, мұндай шырындарға қант шәрбатын қосады, - нәтижесінде нектар шығады. Шырыны аз жемістер болады, мысалы: банан, персик, манго немесе папайя. Олардан шырын іс жүзінде сығылмайтыны себебінен, мұндай жемістерден ішуге жарамайтын езбе алады. Сондықтан езбені міндетті түрде сұйылту қажет - сумен, қант шәрбатымен, немесе басқа одан да сұйық шырындармен. Нектарлар шырындарға қарағанда аздау қоюландырылған, тиісінше оларды ішу оңай болады, олар шөлді неғұрлым жақсы қандырады және сондықтан көптеген адамдарға ұнайды. Біз тұтынушылардың талғамдары мен қалауларын ескеруге тырысамыз, сондықтан қоржынымызда шырындар да, нектарлар да бар.
3. Фреш шырыны пакеттелген шырыннан гөрі пайдалы ма?​
Жаңа сығылған шырындардың пайдалы екеніне күмән жоқ. Алайда, фреш шырындарын жемістер тікелей өсіп жатқан елдерде өндіру орынды. Бізде мұндай мүмкіндік жоқ, өйткені бақшаларымыз жоқ, ал экзотикалық жемістер климаттық жағдайларға байланысты қолжетімді емес. Сондықтан біз шырындарды қоюландырылған шырындар мен езбелерден қалпына келтіреміз.
4. Шыны шырын үшін ең жақсы қаптама болып табылатыны рас па?​
Бүгінгі күні дайын шырындарды құюға арналған ыдыстың үш негізгі түрі бар: шырын, пластик және қатырма. Әлбетте, шыны ең дәстүрлі қаптау материалы болып табылады, және осы күнге дейін шыны ыдыс, шын мәнінде, шырындарға арналған қаптаманың басым түрі болатын. Қазір шыны банкалар мен бөтелкелердің балама қаптау материалдары пайда болды - қатырма пакеттер мен пластик бөтелкелер. Шыны қаптамасының артықшылықтары ішінде: экологиялылығы және ыдысты қайтадан пайдалану мүмкіндігі. Дәл сол уақытта шыныға қапталған шырынның салмағы көп болады, және банканы немесе бөтелкені сындырып алу қаупі бар. Бұдан басқа, шыны қаптама шырынды ультракүлгін сәулелерінің бүлдіруші әсерінен сақтандырмайды. Сұйық өнімдерді, оның ішінде шырындарды қаптау үшін арнайы тағам пластигін пайдаланады. ПЭТ форматының қолайлы баға, беріктік және жеңілдік сияқты оң қасиеттері бар. Қатырма пакеттің, ал дұрысы "Тетра Пак" құрамдастырылған қатырма қаптамасының бірқатар артықшылықтары бар: сұйық өнімдердің түсін, текстурасын, табиғи дәмі мен құнарлы құндылығын сақтайды, пайдалануы ыңғайлы болып келеді, әсіресе үйде тұтыну кезінде. Қатырма пакет күрделі материал болып көрінеді: сыртынан - картон, ішінде - жұп-жұқа, миллиметрдің жүзден бірі үлесінен аспайтын алюминий жұқалтыр, ал олардың арасында, екі жағынан - полиэтилен үлдір. Қаптаманың мұндай құрылымы құрамында бар шырынды жарықтың әсерінен, бөгде иістер мен ылғалдың енуінен сақтауға мүмкіндік береді. "Тетра Пак" қатырма пакетін ойлап табу шырынды сыртқы орта әсерінен ең жақсы түрде қорғауға мүмкіндік берген инновация болды.
5. Шырынның түсі маңызды емес пе? Шырында қанша дәрумен бар?​
Шырынның түсі маңызды болып қана қоймай, оның жеке пайдалы қасиеттерінің айқын индикаторы болып табылады. Әр түсте дәрумендер, микроэлементтер мен басқа заттардың бірегей жиынтығы шифрланған. Сіз білесіз, әрқайсысымыз күн сайын кем дегенде 400 грамм көкөніс пен жеміс-жидек жеп отыру тиіспіз. Бұл диабет пен семіздікті қоса алғанда көптеген аурулардың пайда болу қаупін айтарлықтай төмендететін өмірге қажетті минимум. Күнделікті дәрумендік минимум 80 граммнан порцияға бөлінеді. Осылайша күніне 5 порция шығады. "Порция" болып, мысалы, орташа өлшемдегі жеміс немесе көкөніс, бір табақ салат, бір уыс кептірілген жемістер немесе бір стакан шырын саналуы мүмкін. "Күніне бес" бағдарламасы тағы бір ұсыныстан тұрады - "порциялар" түрлі-түсті болуы тиіс. Яғни жоғары аталған төрт жүз граммның құрамында түрлі түс топтағы жемістер болуы тиіс. Бұл жағдайда біз пайдалы заттардың – дәрумендердің, микро және макроэлементтердің, тағамдық талшықтардың толық жиынтығын міндетті түрде аламыз. Барлығы бес түс тобын бөледі: қызыл, қызғылт (сары), ақ (қоңыр), жасыл және көк-қара. Және дәл осы жемістің түсі бойынша (шырын түсі бойынша) оның құрамында бар дәрумен-минерал жиынтығы туралы айтуға болады. Шие, құлпынай, қызанақ, қарбыз, таңқурай немесе шалғам сияқты қызыл жемістердің шырындары жүрек-қантамыр және несеп шығару жүйелерінің жұмысын қалпына келтіреді, жұмыс қабілетін айтарлықтай арттырады және жадыны жақсартады. Сәбіз, шабдалы, лимон, өрік, апельсин - қызғылт-сары - шырындары иммундық жүйені нығайтады, ағзаның бейімделу мүмкіндіктерінің артуына ықпал етеді, көру өткірлігіне жауап береді. Ақ - банан, сарымсақ, пияз, қауын, ақ шабдалы шырындары - орталық жүйке жүйесінің жұмысын ынталандырады, ақыл-ой және дене белсенділігін арттырады. Жасыл топтағы шырындар, мысалы, көк алма мен жүзім, киви, авокадо, брокколи мен қырыққабат шырындары, қандағы гемоглобин деңгейін қалпына келтіру, ас қорытуды ретке келтіру, ағзадан қождар мен артық суды шығару қасиетіне ие.
6. Pepsi-де жұмыртқа қабығын ерітуге болады, сусын тіс эмалін жеп қояды және Pepsi көмегімен тот немесе әк қағын тазалауға болады деген рас па?
Интернетте жазылғанына сене бермеу керек. Pepsi құрамында дақтарды жуып кетіретін немесе жұмыртқа қабығын ерітетін тазалау құралдарымен салыстыруға болатын ингредиенттер жоқ. Осы барлық нанымдар ойдан шығарылған және тек көңіл көтеру үшін ғана айтылады.
7. Mentos кәмпитін Pepsi-мен бірге пайдалану асқазанда жарылыс тудырады ма?
Желіде көңіл көтеру үшін Mentos кәмпиттерін сусынға қосып жүрген адамдармен түсірілген көптеген әуесқой видеолар пайда болғаннан кейін көптеген адамдарды жаңылыстырды. Бұл Pepsi-ді ауаға атқызатын реакцияны тудырады. Mentos-тың беті кеуек, және егер кәмпит газдалған сусында болып қалса, онда көмірқышқылды газдың көпіршіктері қалыптаса бастайды. Mentos ыдыстың түбіне жеткен кезде қосымша көпіршіктер пайда болады, сол себептен бөтелкеде тез қысым артады. Қысымның кенеттен өсуі бүкіл сұйықтықты жоғары қарай итереді.
8. Қандай шай жақсы?​
Әрбір тұтынушы оған қандай шай ішу жағымды болатынын өзі таңдайды, ол хош иіске, шай демдеу ыңғайлығына немесе шай қоюлығына артықшылық береді. Шай өндірісінде сарапшы бола отырып, біз сізге шай санаттарын түсінуге көмектесеміз. Түйіршіктелген шай -түйіршіктелген шайды өндіру кезінде шай жапырақтары тістері бар арнайы білікшелер арқылы өткізіледі, олар оларды үзеді, содан кейін шариктерге ширатады. Мұндай шайдан жасалған сусыны қою әрі қаныққан шығады. Жапырақты шай - жапырақты шайды өндірген кезде, шай жапырақтың бастапқы түрін сақтайды. Шай жапырақтарының бүтіндігін бұзбай өңделеді. Мұндай өңдеу тәсілін қолданған кезде - шай неғұрлым хош иісті, жағымды, бірақ дәмі қатты ауыз қуырмайтын болып шығады. Оны сүтсіз ішу ұсынылады. Пакеттелген шай - оны өндіру кезінде шай жапырағының ұсақ сынықтары пайдаланылады. Шай жапырағының өлшемі неғұрлым ұсақ болса, ол соғұрлым тез демделеді және бай қаныққан дәм береді. Кейде, пакеттелген шайдың бағасы түйіршіктелген немесе жапырақты шайдан жоғары болады. Бұл өндіріс технологиясының күрделілігі мен ұзақтығына байланысты.
9. Үнді, Цейлон және Кения шайының айырмашылығы неде? ​
Үнді шайы ерекше сығып алынған, толық ауыз қуыратын дәмі мен жағымды хош иісімен ерекшеленеді. Оның ұзаққа созылатын тәттірек дәмі болады. Цейлон шайы негізінен биік таулы плантацияларда өседі және күшті, жағымды хош иіспен ерекшеленеді. Цейлон шайының нәзік лимон реңкі, толық сығындалғыш ауыз қуыратын дәмі болады. Оның тұндырмасы - жарқын, мөлдір, қызылдау. Кенияда шай теңіз деңгейінен 1500-2700 м биік орналасқан таулы жерлерде өседі. Шай неғұрлым биік өссе, ол соғұрлым хош иісті, нәзік болады. Тұндырмасының түсі ашық кәріптас-қызыл, сүт қосқанда түсі ашық алтындай болады. Дәл осы Кения шайының сүт қосылған тұндырмасының хош иісі мен түсі тұтынушыларымыздығ талғамына сай келді.
10. Шайдың сапасын (жақсы немесе нашар болғанын) қалай анықтауға болады?
Егер шай ішкеннен кейін кеседе қоңыр іздер қалса - бұл не туралы айтып отырады? Шайдың сыртқы түрі өлшемі бойынша біртекті болуы тиіс, оның құрамында бөгде қоспалар, тозаң болмауы тиіс. Оның бөтен дәмдері болмауы тиіс. Түсі ашық, шымырлағыш болуы тиіс. Көмескі, күңгірт болмауы тиіс. Егер демделгеннен кейін, бірнеше минут өткенде, шәйнектегі шай тұнбалы болса - бұл "шайлы кілегей" құру қасиеті бар өте жақсы әрі қою шайдың белгісі. Егер қайнаған суды қосса, ол қайтадан мөлдір болады. Егер демдеген кезде кеседе жұқа қабық болса, ал шайды ішкеннен кейін қара іздер қалса, демек демдеу кезінде кермек су пайдаланылған.
11. Как определить наличие красителя в чае?
Шайда бояғыштың болуын тексеру үшін демделген шайға бір тілім лимон қосу қажет. Егер бояғыш болмаса шай ақшыл болады, қаныққан шай түсінен ашықтау, сарғыш түске айналады. Егер де шайға бояғыш қосылған болса, шайдың түсі өзгермейді. Бояғыштың болуын анықтайтын тағы бір тәсіл - бұл шайды суық суда демдеу. Бояғыш қосылған шай тез демделеді және жарқын түске ие болады. Табиғи шай суық суда демделмейді.
12. Шайды қалай дұрыс демдеу керек?​
Шайды демдеудің дәстүрлі тәсілі: демдеу алдында шәйнекті ыстық сумен шайыңыз. Шайды 1 стакан суға (шамамен 200 мл) 1 шай қасық есебінен салыңыз. Жаңа қайнаған су құйыңыз да 5 минут демделуге уақыт беріңіз. Қажетті қоюлыққа (сұйық, орташа немесе қою) дейін жеткізіңіз, қажет болған кезде ыстық қайнаған су қосыңыз.
13. Сіз неге РЕТ қаптамасын пайдаланасыз, бұл қаптама экологияға зиян келтірмей ме?
Біз экологиялық бағдарламаларды белсенді түрде қолдап отырмыз, біздің өндірістік технологияларымыз ағын сулардың және атмосфералық ауаның кез келген ластануын болдырмайды. РЕТ қаптамасын пайдалану туралы мәселеге де біз барынша мұқият қараймыз. Дегенмен нарықтық жағдайдар қазіргі уақытта әлі де РЕТ қаптамасын пайдалануды артық көреді. РЕТ - біздің өнімдеріміз үшін қаптаманың барлық түрлерінің ең ыңғайлысы. - Ойлап көріңіз, сізге 100 литр шырын сатып алу керек болып отыр. Олардың бәрі шыны бөтелкелерде бола ма? Сізге ыңғайлы бола ма? Олай болмайтын сияқты. Міне сондықтан біз әзірше пластикті пайдаланып жүрміз. Ол сөмкеде немесе машинада сынуы мүмкін шыны сияқты нәзік емес. Пластик ХХ ғасырдың басында адамның ыңғайлылығы үшін ойлап табылған болатын. Қазір біз пластиктің экологиялық болмайтынын біліп алдық. Сондықтан біз жыл сайын салмағы аздау пластик материалдарды пайдалануға тырысамыз, мысалы, егер бес жыл бұрын бір РЕТ бөтелкенің салмағы 0,5 форматы үшін 26-28 гр болса, қазір оның салмағы 18-22 гр. Қақпатың салмағы газдалмаған өнімдер үшін 3,2 гр-нан 1,7 гр-ға дейін азайды, және салмақты азайту бойынша үрдіс жалғасуда.
14. Газдалмаған судың қақпақтарын ашқан кезде газдалған өнімдерге тән пышылдаған дыбыс неге шығады?
Сіз ASU, Пиала Ice Tea, НС РЕТ газдалмаған өнімдерін бірінші ашқан кезде газдалған өнім ашылған кезде сияқты пышылдаған дыбысты байқайсыз. Бұл дыбыс өнімде азоттың болуына байланысты. Технология бойынша азот бөтелкеге құйғаннан кейін және тікелей оны тығындау алдында ең соңғы құйылу кезеңінде қосылады. Азот - өніммен реакцияға түспейтін, бөтелкенің тек жоғарғы бос жағын толтыратын инертті газ. Азот мүлдем зиянсыз. Ол екі функцияны орындайды: қаптаманың жоғарғы бөлігін толтыра отырып, ол ауаны қысып шығарады және микробиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; бөтелкені серпімді әрі қатты етіп оны тасымалдау кезінде деформациядан қорғайды.
15. Неге кейде ыстық шайға немесе кофеге сүт қосылған кезде, кеседе ақ түйіршіктер жүзіп жатады?
Шайдағы сүттің ақ түйіршіктері сүт бүлінгендігінің белгісі емес. Көбінесе ақ түйіршіктер - бұл жақсы сапа белгісі. Сапаның маңызды көрсеткіші сүттің майлылығы болып табылады. Дүкендер сөрелерінде сүттің 0,5%-дан 6%-ға дейін майлылық үлесі бойынша түрлерін табуға болады. Майлылығы 0,5%-дан 6%-ға дейін сүтті пайдалану кезінде шайда сүт майының бөлшектері жүзуі мүмкін, қасықпен араластырған кезде олар тез ериді. Түйіршіктер болмауы үшін, сүт қорабын пайдалану алдында шайқап жіберу қажет, бұл майдың үстіңгі тұнған қабатын ерітуге көмектеседі. Басқа бір себеп - сақтау шарттарын сақтамау. Сәйкес келмейтін жағдайлар сүттің қатпарлануына әкелуі мүмкін, ол кезде май өнімнен бөлінеді де қаптаманың жоғарғы жағында қораптың қабырғаларында жиналады. Мұндай жағдайда, біз шайға сүт құйған кезде, май түйіршіктері ұзақ ерімеген болып қалып шайдың бетінде жүзіп жатады.
16. Пиала Ice Tea сусынында тұнбаның болу себебі неде?
Кейде Сіз Пиала Ice Tea шайында тұнба көруіңіз мүмкін. Оны қорқудың қажеті жоқ. Шай сығындысы суда шарасыз болатын минералдармен өзара әрекеттесу кезінде табиғи тұнбаға түсуі мүмкін. Бұл туралы біз заттаңбада ескертіп тұрамыз. (тұнбасы бар шайдың үлгісін көрсетуге болады)