Loading
Juice
kz
uz
eng
ru

Біз жайында

RG Brands табысының тарихы

RG Brands тарихы 1994 жылы туды, ол кезде компания өз дамуының негізіне кең дистрибуциялық желіні салып өз қызметін белгілі халықаралық маркалардағы импортталатын тұтыну тауарлары дистрибуторы ретінде бастаған. Біз адамдарға ең үздікті ұсына отырып олардың өмір сүру сапасын жақсартамыз деп шештік. Бұл шешім біздің бүгінгі күні де жүзеге асырып жатқан миссиясыз болды. Біз адамдарға жақсылық, адалдық, денсаулық, достық және мықты отбасылық қарым-қатынасты қолдауға көмектесетін бейбіт өнімді таңдадық. Бүгінде біз ондаған брендтер өндіреміз, олардың әрқайсысы миллиондаған отбасының барлық мүшелерін күн сайын қуантады. Біз тұтынушыларымызды жоғары бағалаймыз және одан да зор пайда әкелуге тырысамыз. Олардың таңдауы бізді жаңа шыңдарға жетуге және сусындарды өндіруде жетілгендікке тырысуға шабыттандырады.
Біз өсудің маңызды драйверлері болып табылатын 5 бағытта өз құзыреттерімізді жетілдірдік:

1. Тұтынушылардың мұқтаждықтары негізінде әзірленген брендтердің маркетингтік портфелін сараптамалық басқару. Біз категориялық сараптама деңгейіне қол жеткіздік және үздік өндірістік қуаттарға ие болдық.

2. Үздік тәжірибелер мен сараптамаларды табыстау арқылы клиенттермен және тұтынушылармен ұзақ мерзімді серіктестік. Біз дистрибуция саласында сенімді дамып, өткізу арналары саласында дистрибуцияны жетілдірудеміз

3. Үздік өңірлік және жергілікті командаларды құру. Жергілікті және көрші еңбек нарығының үздік дарындарын тартуға тырысамыз.

4. Үздік операциялық қызметті жүзеге асырамыз.

5. Аймақтық тәжірибелерді пайдалана отырып, күшті қаржы тәртібі мен балансқа назар аударамыз. Бізде барлық қаржы ресурстары және ең үздік қаржы көздеріне қолжетімділік бар - бұл ең үздік банк көздері мен шағын және ірі бизнесті қолдайтын халықаралық қаржы ұйымдары.

Бүгінде біздің өнім өңірлік нарықтарда көбіне-көп сұранысқа ие болып отыр. Біздің дәстүріміз басқа елдерде танымал және құрметті болғанына мақтан тұтамыз. Біз мейірімділік елшілері болып табыламыз, адамдарға теңдестірілген өмірге қажет достық және қонақжайлылық туралы еске саламыз.

1994

Компания 1994 жылы құрылған және бес жыл бойы Қазақстанда, Қырғызстанда және Өзбекстанда халықаралық брендтер өнімдерінің эксклюзивті дистрибуциясымен айналысты. RG Brands өз алдына жаһандық мақсат қойды: "Адамдардың өмірін жақсарту". Және бұны жалпы адамдық құндылықтарды қолдайтын және адамдардың бүкіл өмірлері бойы жанында жүретін сусындар мен тамақ өнімдерінің кең ассортименті көмегімен жасау. Шешімі меншікті өндірісті іске қосу болды.

1999

1999 жылы қазақстандықтар RG Brands алғашқы өнімімен - Da-Da шырындарымен танысты. Компания PepsiCo-мен келісімшартқа қол қойды және RG Brands өндіретін бүкіл өнімдері үшін Қазақстанда әлемдік сапа стандарттарын енгізу мүмкіндігімен бүкіл әлемге танымал Pepsi брендінің эксклюзивті боттлері болды. PepsiCo-мен ынтымақтастық бүкіл қазақстандық FMCG индустриясы үшін бірегей оқиға болды, ол отандық өнімдерді өндіру кезінде бағдар болды.

2000

Келесі 10 жыл ішінде компания қарқынды дамып, брендтерді іске қосты, олардың әрқайсысы өз сегментінде көшбасшы орынға ие болды:
- "Пиала Gold" шайы (2000 ж.)
- "Мое" сүті (2004 ж.)
- Нектар "Солнечный" (2005 ж.)
RG Brands портфеліндегі әрбір жаңа бренд тұтынушылардың өзгермелі өмір салты мен қажеттіліктеріне жауап болды.

2006

2006 жылы, суық сусындар санаты танымал болып келе бастаған кезде, компания Lipton International компаниясымен келесімшартқа қол қойып Lipton суық шайы өндірісін бастады.

2007

2007 жылы нарық талаптарымен және чипстердің өсіп келе жатқан танымалдығымен қатар жүріп, "Grizzly" чипстарының өндірісі басталған болатын.

2009

2009 жылы RG Brands өсіп келе жатқан сұранысқа сәйкес өндіріс көлемдерін арттыруға мүмкіндік беретін шырындарды, нектарларды, газдалған сусындарды және суды өндіру бойынша заманауи өндірістік желілері бар Орталық Азияда ең ірі «Ақсеңгір» зауытын ашты.

2010

2010 жыл компания үшін бірден бірнеше өнімдердің шығуымен есте қалды. Өмірдің екпінді қарқыны жаңа шарттарды ұсынып жатты, ол кезде бәріне үлгеруді және қосымша қуат алуды қалайсың. RG Brands жауабы жаңа өнімдер - Yeti энергетигі, DaDaDay сергіктіш сусыны және минералдар мен микроэлементтердің бірегей балансы бар A’SU суы болды.

2015

2015 жылы компания «Ұлттық чемпион» атағына лайық болып Мемлекет Басшысының жоғары бағасына ие болды. Сонымен қатар компания нарыққа «Пиала Gold» табиғи шайының негізіндегі «Пиала Ice Tea» жеміс шырыны бар суық шай брендін ұсынды.

2017

Және қайтадан инновациялар - 2017 жылы компания нарыққа «Солнечный» лимонадын - табиғи жеміс шырыны бар Қазақстан нарығындағы алғашқы лимонадты ұсынды.

2018

2018 жылы компания Пиала Gold шайының жақсартылған формуласын әзірлеп жаңа түпнұсқалық қаптамада шығарады.

2019

Солнечный Нектарының жақсартылған дәмі мен қаныққан дизайны 2019 жылы іске қосылады, және оларға үй рецепті бойынша дайындалған Солнечный Компоты қосылады.
Компания снэк бизнесінен шығуы туралы шешім қабылдады. RG Brands орта мерзімді стратегиясына сәйкес Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан аумағында ыстық және суық сусындар нарығының жоғары әлеуетті сегменттерін одан әрі дамытуға баса назар аударуға шешім қабылдады. Өз тарихының 12 жылы ішінде "Grizzly" сауда маркасы өз тұтынушыларының қадірін артып Қазақстан мен Қырғызстан жастарының арасында танымал және белгілі болды.