Loading
Juice
kz
uz
eng
ru

Біз жайында

RG Brands өнімдері - бұл көп жылдық тәжірибемен дәлелденген сусындардың ең жақсы сапасы.

Біздің басты міндетіміз – тұтынушыларды жоғары сапалы сусындармен және тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету. Ол үшін біз инновацияларды дамытып, халықаралық стандарттарды қатаң ұстанамыз. Біз шығарылатын өнімнің сапасына сенімдіміз және оны жергілікті және халықаралық тұтынушыларға да түрлі дәмдік талғамдарды қанағаттандыру үшін лайықты түрде көрсетеміз.

RG Brands өнімі жалпы қуаты жылына артық 1 миллиард литр болатын 3 заманауи өндірістік алаңда шығарылады. "Ақсеңгір" зауытында біз газдалған сусындар, шырындар мен суық шай өндіреміз. "Космис" зауытында - сүт, газдалған сусындар мен шырындар. "Tealand" зауыты шай шығарады.

Біз бүгін RG Brands брендіне тұтынушылардың сенімін бағалаймыз және оны ертең нығайту үшін бәрін жасауға тырысамыз. Біз "RG Brands" сапасын бағалаудағы жоғары марапатты – Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын Сапа" сыйлығын ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында "Халық үшін тауар шығаратын үздік кәсіпорын" ретінде мақтан тұтамыз.

Өндірістік алаңдар:

АҚСЕҢГІР

Біздің мақтанышымыз - "Ақсеңгір" өндірістік-логистикалық орталығы, Орталық Азиядағы ең озық және заманауи зауыттардың бірі. "Ақсеңгір"-ге жұмсалған инвестициялар көлемі 13 млрд. теңгені құрайды; алып отырған ауданы - 21 гектар. Аксенгирде біз Gracio табиғи шырындарын; тетрақаптамадағы Da-Da және Нектар Солнечный шырындарын; "Солнечный" лимонадын; ПЭТ-қамтамадағы DaDaDay шырыны бар сусындарын; Пиала, Lipton Ice Tea суық шайын; Pepsi, Mirinda, 7Up алкогольсіз газдалған сусындарын; А'SU бөтелкеленген суын шығарамыз.

Сусындар өндірісінде біз асептикалық құю, ыстық және суық құю технологиясын қолданамыз. Қаптау түрі бойынша біздің өнімдер түрлі форматтарға құйылады: ПЭТ-бөтелке, тетрақаптама, шыны бөтелке. Pepsi-Соla International және Pepsi Lipton International әлемдік өндірушілермен ынтымақтастықтың арқасында біз үздік тәжірибелер мен сапа стандарттарын пайдаланамыз, жыл сайын оларды әлемге танымал аудиторлық институттардың сертификаттарымен растаймыз.
Біздің жоғары технологиялық желілеріміз заманауи жабдықтармен жабдықталған. Әрбір өндірістік алаңда онлайн режимінде сапаны қамтамасыз ететін параметрлерді бақылайтын үш зертханадан болады:

• Кіріс бақылау зертханалары өндіріске түсетін шикізат пен материалдардың әрбір партиясының сапасын қамтамасыз етеді және кепілдік береді;
• Микробиологиялық зертханалар өндірістік инфрақұрылымның, өндірістік орталардың және дайын өнімнің тағамдық қауіпсіздігіне кепілдік береді;
• Аналитикалық зертханалар технологиялық желілердің параметрлерін және өткізуге жіберілетін дайын өнімнің сапасын бақылайды.

«Ақсеңгір» өзін өзі электр энергиясы мен будың қажетті мөлшерімен қамтамасыз етеді, суды ұңғымалардан өндіреді және оны көп деңгейдегі тазарту жүйелерінде өңдейді. Шикізатты жеткізу және дайын өнімді тиеу вагон құрамдары арқылы жүзеге асырылады. Бүкіл қабылдау және тиеу процесін кіріс бақылау және сапаны бақылау зертханалары бақылайды.

«Ақсеңгірдің» үздіксіз жұмысын Қазақстандағы ең мықты логистикалық қызметтердің бірі қамтамасыз етеді. Біз өз ісіне берілген, инновациялық оқыту бағдарламаларында біліктілігін қолдап отырған жоғары дәрежелі өндірісшілер командасын жинадық.

TEALAND

Tealand зауытында (Алматы қ.) біз Пиала Gold сауда маркасындағы жоғары сапалы шай шығарамыз.

Біздің бәсекелестік артықшылығымыз - шай өндірісіндегі сарапшылық. Біз шайды 1999 жылдан бастап өндіреміз және тұтынушыларға не ұнайтынын жақсы білеміз. Біздің мамандарымыз әлемдік шай нарығындағы жаңа үрдістерді белсенді қадағалайды және тұтынушыға ең жақсысын ұсыну үшін дәмі мен хош иісі жағынан неғұрлым қызықты сұрыптарды іріктеп алады.

Біз бірінші болып қазақстандықтарды Қазақстанда жақсы көретін сипаттамалары бар Кениялық шаймен таныстырдық. Біз сонымен қатар Солтүстік Үндістан, Қытай және Вьетнамнан келетін шай шикізатының ең жақсы сұрыптарын пайдаланамыз.

Ай сайын "Tealand" 500 тоннадан астам шай шығарады. Бүкіл өнім ISO 9001:2000 сапа стандартының талаптарына сәйкес сертификатталған.

КОСМИС

"Космис" зауыты (Қостанай қ.) - Tetra Pak асептикалық қаптамасында ұзақ сақталатын ультрапастерленген сүт шығаратын Қазақстандағы алғашқы зауыт.

Біз бірнеше заманауи ірі фермалармен жұмыс істейміз. Бұл барлық үдерістері – сиырлардың хал-жағдайын анықтау бойынша компьютерлік диагностика, автоматтандырылған жуу, науалар, тарауыштар - жақсы қойылған және автоматтандырылған фермерлік шаруашылықтар. Біз бірінші талабымызға – шаруашылықты ұстаудың таза тазалығы - жауап беретін шаруашылықтарды өзіміз таңтаймыз. Біз ұзақ сақталатын сүтті өндіреміз, сонлықтан біз үшін бастапқы сүттің сапасы маңызды.

Біз сүтті бөгде иістерен, газдардан және оттегінен арылту үшін ультрапастерлендіреміз Ультрапастерлендіру өнімнің ашып кетуіне әкелуі мүмкін микробтар мен спораларды өлтіреді. Ультрапастерлендірудің арқасында сүт қымтаулы қаптамада бөлме температурасында тоғыз айға дейін сақталады. Жеті қабаттан тұратын және ылғалдан, жарықтан, иістен және сіңіруден қорғау функциясы бар Tetra Pak арнайы қаптамасының көмегімен, сүт жаңа сауылған, пайдалы және қауіпсіз болып сақталады.

Тұтынушыны ұзақ мерзімге сақталатын сапалы және жаңа сүтпен қамтамасыз ету үшін біз бір тәулік ішінде өнімді жеткізу, өңдеу және қаптау бойынша барлық қажетті процестерді жүзеге асырамыз. Біз сүттің сиырды сауғаннан бастап сіздің үстеліңізге дейін сапарына жұмсалған уақыты 24 сағаттан аспайтынына кепілдік береміз.